Басты Жаңалықтар Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш жүлде жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш жүлде жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш жүлде жеңіп алды

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен турнирде Қазақстан құрамасы тағы үш жүлдеге қол жеткізді.

Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Ардақов қола жүлде үшін өткен белдесуде оңтүстік кореялық Хёнун Чхвені жеңді. Ал 130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхиден басым түсіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова сингапурлық Даниэль Сью Чинг Лимнен айласын асырып, қола медаль иеленді.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліс тапты.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақтағы Жәмила Бақбергенова жарақатына байланысты жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Ол қола медаль үшін күресуі тиіс болған.

Бөлісу