Спортшыларға Әнұранды білуді міндеттейтін заң Мәжілісте мақұлданды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы мақұлданды.
Заң жобасында дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланған. Сондай-ақ, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы атанған мүгедек-спортшылардың тізімі кеңейтілді.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Майра Айсина қосымша баяндамасында Заң жобасының негізгі мақсаты дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру, дене шынықтыру мен спорттың тұрлаулы жүйесін және осы салада тиімді мемлекеттік басқаруды құру қажеттігі екенін айтып өтті.
«Заң жобасы спортшыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын білуді міндеттейді. Спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды спортшылармен қамтамасыз етуге, даярлауға және қатысуға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолданбай спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат ететін нормалармен толықтырылады»,- деп түсіндірме жасады М.Айсина.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00