Басты Жаңалықтар Мексика Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Мексика Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Мексика Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчында Мексика құрамасы Оңтүстік Африканы 2:0 есебімен жеңді.

Матчтың 10-минутында Хулиан Киньонес есеп ашып, Хавьер Агирренің шәкірттерін алға шығарды. Екінші таймда оңтүстікафрикалық футболшылар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, 68-минутта Рауль Хименес қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есеп айырмасын екі допқа жеткізді.

Ойын тартысты өтіп, төреші бірнеше мәрте қызыл қағаз көрсетуге мәжбүр болды. ОАР құрамасының ойыншысы Ситхоле 50-минутта алаңнан қуылса, 84-минутта Зване де қызыл қағаз алды. Ал матчқа қосылған уақытта 90+2-минутта мексикалық Сесар Монтес те алаңнан қуылды.

Әлем чемпионатының ашылу матчтары тарихында мұндай жағдай сирек кездеседі. ӘЧ-2026 додасының алғашқы ойынында бірден үш қызыл қағаз көрсетіліп, турнир басталмай жатып ерекше антирекорд тіркелді. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатында өткен 64 матчтың барлығында небәрі төрт қызыл қағаз тіркелген еді.

Осы жеңістің арқасында Мексика А тобында көш бастады. Хавьер Агирре шәкірттері екінші турда Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. Футбол жанкүйерлері ойынды 19 маусым күні таңғы сағат 06:00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады. Мексиканың Гвадалахара қаласындағы «Акрон» стадионында өтеді.

Бөлісу