Басты Жаңалықтар Оңтүстік Корея жеңіске жетті

Оңтүстік Корея жеңіске жетті

Оңтүстік Корея жеңіске жетті

А тобында Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары кездесті. «Акрон» стадионында өткен тартысты матчта Сон Хын Мин бастаған жігіттер қарсыластарынан басым түсті.

Оңтүстік Корея 2:1 Чехия

Ойынның 59-минутында Ладислав Крейчи есеп ашып, Чехия құрамасын алға шығарды. Алайда 67-минутта Хван Ин Бём таразы басын теңестірсе, 80-минутта О Хён Гю жеңіс голын соқты.

Осы жеңістің арқасында Оңтүстік Корея өз тобында екінші орынға көтерілді. Ал бұл топтың көшбасшысы турнир қожайындарының бірі Мексика құрамасы.

Футбол жанкүйерлері келесі турда Оңтүстік Корея құрамасының Мексикаға қарсы ойынын тамашалай алады. Кездесу 19 маусым күні таңғы сағат 06:00-де Мексиканың Гвадалахара қаласындағы «Акрон» стадионында өтеді. Матч «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Бөлісу