Геннадий Головкиннің есімі ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына енді
Кәсіпқой боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing президенті Халықаралық бокстың Даңқ залына енді. Салтанатты рәсім АҚШ-та өтті.
Геннадий Головкин Халықаралық бокстың Даңқ залына енген алғашқы отандық боксшы.
Отандасымыз әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет ұтты. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған.
Головкин ұзақ жылдар бойы орта салмақтағы әлемнің ең мықты боксшыларының бірі саналып, бірнеше чемпиондық белбеуді иеленді. Оның рингтегі жарқын жеңістері мен кәсіби мансабы қазақстандық бокс тарихында ерекше орын алады.
Даңқ залына қабылдануы - отандық спорт үшін тарихи жетістік әрі қазақстандық бокс мектебінің халықаралық деңгейдегі мойындалуының айқын көрінісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30