«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары - 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді.
🇰🇿Халықаралық додада Қазақстанның намысын 11 команда қорғайды. Сондай-ақ әлемнің үздік киберспортшылары мен командалары бақ сынайды.
📌«Болашақ ойындары» – дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды ұштастыратын бірегей халықаралық мультиспорттық жоба.
Жарыстар елорданың төрт негізгі спорттық нысанында, атап айтсақ, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Ұлттық теннис орталығы мен Барыс Арена көпбейінді мұз сарайында өтеді.
📺Турнирдің ашылу салтанатын 29 шілдеде сағат 16:45-те «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы