Болашақ ойындарының ашылу салтанаты өтті
Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында III Games of the Future халықаралық турнирінің шымылдығы ресми түрде түрілді.

29 шілде мен 9 тамыз аралығында елорда «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирін қабылдайды. Жарысқа әлемнің 35 елінен 800-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан намысын сегіз бағыт бойынша 11 команда қорғайды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысты.

Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінде олардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.
«Бүгін осы аренаға негізінен жастар жиналып отыр. Сіздер білімді, талантты, еңбекқор, талапты болсаңыздар, болашақтың іргетасы бекемделе түсетіні анық. Алда өздеріңізді биік белестерге бастайтын соқтықпалы-соқпақсыз жол күтіп тұр. Ой-пікірі ортақ, мүддесі бір, сенімді серіктер жандарыңыздан табылғанда ғана бұл жолды еңсеру оңай болмақ», – деді Президент.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00