Concacaf құрамындағы 41 ел Инфантиноның бастамасына қарсы шықты
Солтүстік Америка, Орталық Америка және Кариб бассейні қауымдастығының футбол конфедерациясына (КОНКАКАФ) мүше барлық 41 ұлттық қауымдастық ФИФА президенті Джанни Инфантиноның әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарының бір бөлігін жеке инвесторларға беру туралы бастамасын қолдамады.
КОНКАКАФ бұл мәселеде УЕФА ұстанымын қолдап, футболдың коммерциялық құқықтарын жекеменшік инвесторларға беру бастамасына қарсы екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Джанни Инфантино FIFA Forward Enterprise жобасы аясында әлем чемпионаты мен өзге де ФИФА турнирлерінің коммерциялық құқықтарының бір бөлігін жеке инвесторларға сатуды ұсынған болатын. Оған дейін бұл бастамаға УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастық та қарсылық білдірген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00