Басты Жаңалықтар Қазақстандық жасөспірім балуандар Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірім балуандар Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірім балуандар Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын медаль иеленді.
Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бақдәулет Ағабек финалда Үндістан өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен техникалық басымдық арқылы мерзімінен бұрын жеңіп, Әлем чемпионы атанды.
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальды 28 шілде күні грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дияр Аманәлі салды.
Осылайша, Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек әлем чемпионатының жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Қазақстан құрамасына 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының екі алтын медалін сыйлады.

Бөлісу