Басты Жаңалықтар Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындау туралы келісімге келді.

Футболшы ретінде Джон ван ’т Шкип Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасымен 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.
Бапкерлік жолын «Аякс» жүйесінде бастап, кейін клубтың бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» клубтарын жаттықтырды. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері болды.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да жасақталды. Бас бапкердің көмекшілері - Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов. Қақпашылар бапкері - Юрий Новиков, дене даярлығы бойынша бапкер - Вадим Боровский, ал сарапшы бапкер - Тимур Құсайынов.

Бөлісу