Олимпиада чемпионы Майя Манеза диплом алды
24 маусым күні Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2014 жылғы бітіруші түлектерге диплом беру салтанатты жиыны өтті.
Магистратура бойынша - 249, бакалавр бойынша - 2 630 бітіруші түлек арасында ел мақтанышы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Майя Манеза да бар, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Сән-салтанатымен өткен жиынды университет ректоры Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы ашып, түлектерге ақ тілегін білдірді.
Университет басшылығы Майя Манезаға дипломмен қатар Алғыс хат табыстады.
«Мен Қыздар университетінде білім алып, бітіріп отырғаныма қуаныштымын. Қуанышты сәтімде барлық ұстаздарыма алғысымды білдіргім келеді. Осы университетте оқыған уақытта екі дүркін Әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы атандым. Алдағы уақытта оқуымды жалғастырамын, магистратураға түсу ойымда бар»,-деді спортшы.
Айта кету керек, ел абыройын әлемдік додаларда қорғап жүрген Майя Манеза қасиетті қара шаңырақты «денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00