Басты Жаңалықтар Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды

Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды

Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды.
Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында өткен.
Геннадий Головкин 2026-2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде тағайындалып отыр. Ол жаңа қызметінде Азия мен Еуропадағы Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің атынан ISSA жұмысына қатысады.

«Ол қауымдастықтың алдағы жұмыс бағыттарын белгілеуге, Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге қолдау көрсетуге, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және ISSA-ға мүше елдер арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосады», - делінген хабарламада.
Бөлісу