Азиадада шәкірті жүлдеге ілікпеген бапкер қызметінен кетеді
Азиадада шәкірті жүлдеге ілікпеген бапкер қызметінен кетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірден ескертейін, Азиада ойындарында жүктелген міндет үдесінен шықпаған бас жаттықтырушыларға қызметінен босатуға дейінгі қатаң шара қолданылады. Өйткені, біздерге келесі кезеңге, Рио де Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалуымыз керек», - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, еліміздің жеңіл және ауыр атлетика, бокс, байдарка мен каноэ есу, дзюдодан ерлер құрамасы, су полосы, грек-рим күресі және әйелдер күресі командалары алтын медаль еншілейтіндігіне зор үміт артылып отыр.
«Біздің міндетіміз - спорттың 15 түрінен 26 алтын медаль жеңіп алу. Бұл Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтауына мүмкіндік береді», - деді ол.
Айта кетейік, қыркүйектің 19-ы мен қазанның 4-і аралығында өтетін 17-ші Азиада ойындарына спорттың 39 түрінен 400-410 қазақстандық спортшы қатысатындығы жоспарлануда. Бұл өткен Азиада ойындарына қарағанда 40-50 адамға және спорттың 3 түріне артық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00