Шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы екі дүркін олимпиада жүлдегерлерін жеңіп кетті
Норвегияның Тромсе қаласында өтіп жатқан 41-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының екінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы швециялықтарды айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық төрттік құрамына гроссмейстерлер - Павел Коцур, Рүстем Хуснутдинов, Петр Костенко мен халықаралық мастер Аслан Айтбаев кіреді. Олар шведтік төрт гроссмейстер - Нильс Гранделиус, Евгений Агрест, Тайгер Хиллар Перссон мен Ханс Тикканеннен басым түсті. Айта кетейік, бұл елдің командасы екі рет олимпиада жүлдегері атанған құрама.
Сондай-ақ, шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы да Того спортшыларын 4:0 есебімен ұтты. Өз қарсыластарын айқын басымдықпен Гүлісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мадина Дәулетбаева және Гүлмира Даулетова жеңді.
Бұған дейін ел намысын қорғаған ерлер құрамасы кувейттіктерді, ал қыздарымыз португалиялықтарды ұтып, үшінші айналымға жолдама алды.
Бәсекеде 177 ерлер, 136 әйелдер құрамасы бақ сынауда. Қатысушылардың жалпы саны екі мыңнан асады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00