Қазақстандық шахматшы қыздар Дүниежүзілік олимпиадада Франция құрамасын ұтты
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының 10-шы турында Қазақстанның әйелдер құрамсы Франция командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Гүлісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мәдина Дәулетова мен Гүлмира Дәулетова қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Осыған дейін қазақстандық шахматшылар 2 рет ұтылып, 1 ойынды тең ойнаған.
Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 5 сатыға көтеріліп, 9-шы орынға тұрақтады. Ал, 9 турда жеңілмей, көш бастап тұрған Ресей командасы Украина шахматшыларынан ұтылды.
Ал, Әнуар Ісмағамбетов, Павел Коцур, Рустам Хуснутдинов пен Петр Костенкодан құралған Қазақстанның ерлер командасы Испания шахматшыларына 3:1 есебімен есе жіберді. Осыдан кейін олар 14 сатыға төмендеп, қазір 46-шы орында тұр. Ал, көш басында – Қытай құрамасы.
Айта кетейік, норвегиялық Тромсе қаласында өтіп 41-ші Дүниежүзілік олимпиадада ертең соңғы тур ойналады. Бұл жарысқа 177 ер және 136 әйел құрамсы қатысуда. Барлығы 2 мыңнан астам шахматшы келген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00