Ақтауда кекушинкай каратэден облыстың ашық чемпионаты өтті
Ақтау қаласында республикалық «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының» жергілікті филиалы ұйымдастырған кекушинкай каратэден Маңғыстау облысының ашық чемпионаты өтті.
Жарысқа 5 жастан жоғары 250 спортшы қатысты. Олардың арасында кішкентай ұлдар мен қыздар да, ересек каратэшілер де болды.
«Біз бұл чемпионаттан халықаралық жарыстар үшін мықты спортшыларды іріктеп аламыз. Бұл жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін де өткізіліп отыр. Осыған қоса, біздің ұйым Қазақстанда кекушинкай каратэден өтетін ІІ Әлем чемпионатына дайындылуда», - дейді «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының» президентінің көмекшісі Әділет Демежан.
Облыстың ашық чемпионатында ақтаулық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00