Қазақстандық ватерполшылар Әлем Кубогында 6-шы орынды иеленді
Су добынан Қазақстанның ұлттық құрамасы Әлем Кубогының соңғы күні Австралия құрама командасымен кездесіп 6:12 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Алматының Орталық жүзу бассейнінде су добы бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогында Қазақстан ұлттық құрама командасы соңғы ойынын жеңіліспен аяқтап, 6-шы орынға тұрақтады.
Бұған дейін Сергей Дроздовтың шәкірттері Черногория командасын 9:8 есебімен жеңген болатын. Кубок аясындағы бұл жалғыз жеңіс қазақстандықтарға алдағы жылы Ресейде өтетін Әлем біріншілігіне қатысуға мүмкіндік береді.
Ал бүгінгі ойында отандастарымыз тек алғашқы кезеңде ғана азулы қарсыластарымен тең дәрежеде ойнады. Есеп 1:1. Қорғаушылардың жиі жіберген қателіктерін ұтымды пайдаланған австралиялықтар 2:5 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Үшінші кезең 2:4, төртінші кезең 1:2 есебімен аяқталды. Қорытынды есеп 6:12 болды.
Бұған дейін де Австралия құрамасы осы Әлем Кубогы аясында қазақстандықтармен кездесіп, 11:8 есебімен жеңіп кеткен. Одан басқа, қазақстандықтар Венгрия командасынан 9:15, Хорватия командасынан 7:14 және Сербия құрамасынан 10:16 есебімен жеңілген.
Бүгін Әлем Кубогының соңғы күні. Финалда Сербия мен Венгрия құрама командасы Әлем Кубогын сарапқа салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00