«KAZsport» тұңғыш рет футбол мен хоккейді бір уақытта тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін футболдан Қазақстан мен Франция жастар құрамасы мен хоккейден астаналық «Барыс» пен уфалық «Салават Юлаев» командалары кездеседі. Бұл екі ойын бір уақытта өтеді. Сол себепті көрермен арасында қай кездесуді тікелей эфирде, қайсысының қайталауын көрсету керек екеніне байланысты пікірталас туындады. Сондықтан «KAZsport» басшылығы хоккей және футбол жанкүйерлерінің пікірін ескере отырып, «кадр ішіндегі кадр» жүйесін пайдаланбақ. «Жанкүйерлер арасында «KAZsport» телеарнасы жастар құрамасының ойынын немесе «Барыстың» ойынын көрсетуге байланысты пікірталас туындаған еді. Сондықтан біз тұңғыш рет бір кадрды екінші кадрге қою арқылы көрсетілім жүргізіп көреміз. Мысалы, мұнадй әдіспен «Eurosport» телеарнасы жұмыс істейді. Басында 19:00-де басталатын «Барыс» - «Салават Юлаев» кездесуі көрсетіле бастайды. Ал, 20:15-те футбол ойыны басталған кезде хоккей комментаторы футбол жүргізушісіне сөз береді. Осыдан кейін экран екіге бөлінеді. Басты экранда футбол, ал төменгі жақта орналасатын шағын терезеде хоккей көрсетіледі. Егер хоккей матчында маңызды бір оқиға болып, мысалы, гол соғылып жатса, комментатор оны көрерменге хабарлайды. Футбол ойынының үзілісі кезінде басты экраннан хоккей көрсетіледі. Үзіліс аяқталғаннан кейін қайта футбол матчы көрсетіледі. Біздің телеарна бұл жүйені спорттық көрсетілімде алғаш рет пайдалануда. Осылайша біз футбол және хоккей сүйер қауымға бірдей көрсетілім жасауға тырысамыз», - дейді «KAZsport» телеарнасының басшысы Диас Ахметшәріп.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды