Бурабайда спорттық радиопеленгациядан Әлем чемпионаты басталды
Әлемнің 25 елінен 300 адам радиопеленгация бойынша Әлем чемпионатына қатысу үшін Бурабай курортына келді, деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы.
Ең көп делегация Қытайдан - 64 қатысушы келген, сондай-ақ жарысқа Ресейден - 40, Чехиядан - 37, Қазақстаннан - 30, Жапониядан - 25 адам қатыспақ.
XVII Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы Бурабайда өтті. Онда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, ARDF (Amateur Radio Direction Finding) вице-президенті Оле Карпестад (Норвегия) сөз сөйледі.
Спорттық радиопеленгация - ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін Дания мен Англияда пайда болған радио спорты. Оның шарты бойынша спортшылар жергілікті жердің картасы, компас, бағытты антеннасы бар радиоқабылдағыш арқылы орманның қиылысқан жерлерінде 5 радиоқабылдағыш табуы тиіс. Жарыс мақсаты - аз уақыт ішінде қажетті нысандар санын табу (әдетте, 5). Жарысқа қатысу дене жатығуын ғана емес, ақыл-ой зеректігін де талап етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00