Азия Кубогы. Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы жартылай финалға шықты
Қытайдың Шэньчжень қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан Азия Кубогында Қазақстан құрамасы ширек финалда Иран спортшыларын ұтты.
Ойынның бірінші партиясында Иран волейболшылары 25:20 есебімен басым түсті. Алайда келесі үш партияда Қазақстан құрамасы 25:16, 25:18, 25:15 есебімен жеңіске жетті. Енді жартылай финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде Александр Гутор шәкірттері Тайбэй, Таиланд және Жапония жеңіп, бірінші орын алған еді. Айта кетейік, Азия Кубогы Италияда өтетін Әлем чемпионаты алдындағы Қазақстан құрамасы қатысып жатқан соңғы турнир.
Фото: fivb.org
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00