Еліміздегі көгалды допты хоккей спортын дамытуға күш салған тұлға
14 жыл бойы еліміздегі көгалды допты хоккей спортының дамуына күш салған тұлғаның бірі де, бірегейі – КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саян Шәймерденов еді. Ол КСРО құрамасымен Еуропаның күміс жүлдегері атанды. КСРО-ның 10 дүркін чемпионы болды және осы құрамада 50 ойын өткізіп, капитан атанған жалғыз қазақ та – Саян Шәймерденов болатын.
Саян Шәймерденовтің осы спортқа сіңірген еңбегі ерен. Достары ақжарқын мінезін еске алады. Допты хоккейді дамытқаны үшін Саян Сафуанұлы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
ҚФФ техникалық комитетінің директоры Қайрат Адамбеков: Саян – адамгершілік қасиеті бар жан еді. Үлкен-кішіні бірдей сыйлайтын. Ол білімді еді. Әкесі де елге еңбегі сіңген азамат. Сафуан Шәймерденовтың шаңырағында дүниеге келген бала қайтсе де талантты болар,-дейді.
Саян Шәймерденов өзінің шеберлігімен Эдуард Айрихтің өзін таңғалдырды. 1973 жылы «Динамоның» негізгі құрамына ауысты. Сол жылы «Динамо» КСРО біріншілігінде топ жарып, ал Саян қазақтан шыққан тұңғыш КСРО чемпионы деген атаққа қол жеткізді.
Бүгінде Саян Шәймерденов салған соқпақ жол үлкен даңғыл болып, жалғасын табуда.
Сюжеттің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00
Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде рекорд орнатты
11.05.2026, 21:31
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00