Универсиада-2015. Могулшылар Галышева және Колмаков алтын, ал Рейхерд күміс медаль иеленді
Қазақстандық могулшылар Гранадада (Испания) өтіп жатқан қысқы Универсиадада үш медаль иеленді.
Юлия Галышева 66,00 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орын ресейлік Марика Пертахия (59,90) иеленсе, үшінші орынға Оңтүстік Корея елінің спортшысы Со Чжи Вон (51,86) тұрақтады.
Ал, ерлер арасында қазақстандық могулшылар алтын және күміс жүлде ұтып алды. 72,45 ұпай жинаған Павел Колмаков Қазақстан Ұлттық құрамасының Универсиададағы бесінші «алтынын» жеңіп алды. Ал, Дмитрий Рейхерд 68,73 ұпай жинап күміс жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орынды Сергей Шимбуев (62,11) иеленді.
XXVII Дүниежүзілік қысқы Универсиада. Гранада, Сьерра-Невада (Испания). Фристайл. Ерлер. Могул.
1. Павел Колмаков (Қазақстан) — 72,45
2. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) — 68,73
3. Сергей Шимбуев (Ресей) — 62,11
11. Андрей Логинов (Қазақстан) — 44,41
19. Константин Горлачев (Қазақстан) — 20,66.
XXVII Дүниежүзілік қысқы Универсиада. Гранада (Испания). Фристайл. Әйелдер. Могул.
1. Юлия Галышева (Қазақстан) — 66,0
2. Марика Пертахия (Ресей) — 59,90
3. Сео Джи-Вон (Оңтүстік Корея) — 51,86
Фото: granada2015.org
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25