Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында Денис Тен қысқа бағдарламада жеңіске жетті
Жарыс Оңтүстік Корея елінің астанасы Сеулде өтуде.
«Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты» Еуропа чемпионатының баламасы ретінде өткізіледі. Яғни, жарысқа Америка, Азия, Африка мен Океания құрлығының спортшылары қатысады.
2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен «Төрт құрлық чемпионатында» қысқы бағдарламада жеңіске жетті.
Ерлер арасындағы жарыста Денис 97,61 ұпай жинап, қысқа бағдарлама жарысындағы маусымның ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Екінші орынды 88,90 ұпай алған жапониялық Шома Уно иеленді. Ал, қытайлық Хань Янь (87,34 ұпай) үшінші орынды түйіндеді.
Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 57,54 ұпай жинап, 19-шы орынға тұрақтады. Осылайша Абзал да Дениспен бірге еркін бағдарламада сынға түседі.
Сонымен қатар, спорттық мұз үстінде билеу жарысында Қазақстан атынан Ілияс Әли мен Карина Узурова жұбы қатысады.
Еске сала кетейік, «Төрт құрлық чемпионатын» «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Көрсетілім кестесі:
Бейсенбі, 12 ақпан
Мәнерлеп сырғанау. Мұз үстіндегі би. Тікелей эфир - 8:20
Мәнерлеп сырғанау. Жұптық бәсеке. Қысқа бағдарлама. Тікелей эфир – 11.00
Мәнерлеп сырғанау. Ашылу салтанаты. Тікелей эфир - 13:20
Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Қысқа бағдарлама. Тікелей эфир - 14:05
Жұма, 13 ақпан
Мәнерлеп сырғанау. Мұз үстіндегі би. Тікелей эфир - 10:20
Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер. Қысқа бағдарлама. Тікелей эфир – 13.50
Сенбі, 14 ақпан
Мәнерлеп сырғанау. Жұптық бәсеке. Еркін бағдарлама. Тікелей эфир – 11.20
Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Еркін бағдарлама. Тікелей эфир – 14.20
Жексенбі, 14 ақпан
Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер. Қысқа бағдарлама. Тікелей эфир – 09.20
*Астана уақыты көрсетілген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15