«KAZsport» телеарнасы «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін көрсетеді
Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан мен Қытай спорт клубтары ұйымдастырған халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі өтті.
Турнир аясында барлығы 9 жекпе-жек өткізілді. Онда «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының спортшылары Бразилия, АҚШ, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен келген спортшылармен сайысты.
Турнирдің 1-ші жекпе-жегі: Джыфа Шанг Алпамыс Адиатовты қолына жасаған тәсіл арқылы жеңіске жетті.
Турнирдің 2-ші жекпе-жегі: Алтынбек Бажимов Алатеңг Хейлиді ұтты.
Турнирдің 3-ші жекпе-жегі: Руслан Камзаев Эль Куеди Әбділкерімді төрешілердің шешімімен жеңді.
Турнирдің 4-ші жекпе-жегі: Нұрберген Шарипов Ма Шуангпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Турнирдің 5-ші жекпе-жегі: Бауыржан Қуанышбаев төрешілердің шешімімен қытайлық Шуй Йунхаоны ұтты.
Турнирдің 6-шы жекпе-жегі: Нұржан Тұтқа Максим Джиаканолені қолына тәсіл жасап, жеңіске жетті.
Турнирдің 7-ші жекпе-жегі: Асқар Үмбетов техникалық нокаутпен Кайл Розевскийден басым түсті.
Турнирдің 8-ші жекпе-жегі және KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы: Қазыбек Әшімов Чок Вон Сокты қылқындыру тәсілімен ұтты.
Турнирдің 9-шы жекпе-жегі және KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы: Бейбит Назаров бразилиялық Бруно Амориманы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін бүгін сағат 22:00-де «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15