Оралда «Номадтар шайқасы - 3» аралас жекпе-жек чемпионатының финалдық сайысы өтті
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен және Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасынан спортшылар қатысты.
Жеті салмақ дәрежесінде өткен әуесқой спортшылар ара¬сында Кирилл Литвиненко (Қарағанды, 61,2 кг), Мұратбек Қасымбай (Астана, 65,8 кг), Асыланбек Тәженов (БҚО, 70,3 кг), Шавкат Рахмонов (Ақмола, 77,1 кг), Жасұлан Хасимов (Атырау, 84 кг), Андрей Смирнов (БҚО, 93 кг), Магомед Адамов (Қарағанды, +93 кг) жеңімпаз атанды. Жарыс нәтижесінде әуесқой спортшылар жекпе-жегінде командалық есепте батысқазақстандықтар жеңіс тұғырына көтерілді. Кәсіпқой спортшылар арасында бес жеңістің төртеуі біздің елдің спортшыларына бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, марапат тапсырған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев спортшылардың кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.
«Айқастар өте жоғары деңгейде өтті. Шаршы алаңдағы жеңіс шын мықтыға бұйырды. Мұзсарайына келген көрермендер де спорт адамның денесін шынықтырып қана қоймай, рухын да ерекше шыңдайтынын айқын сезінді деп есептеймін», - деді Нұрлан Асқарұлы.
Кәсіпқой турнир қатысушылары 1 мың АҚШ доллары көлемінде, ал жеңімпаздар 1500 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды. Тартысты сайыстан тікелей көрсетілімді «Боец» телеарнасы ұйымдастырды.
zhaikpress.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25