Майкл Фелпс ұзақ үзілістен кейінгі жеңісіне риза
АҚШ жүзушісі Майкл Фелпс сегіз айлық үзілістен кейінгі алғашқы жарысына шығып, көрсеткен нәтижесіне қанағаттанатынын айтты.
Олимпиада ойындарының 18 дүркін чемпионы Майкл Фелпс Меса (АҚШ) қаласында өткен 100 метрлік қашықтықтағы баттерфляй әдісімен жүзуде бірінші келді. Ол мәреге 52,38 секундта жетіп, Райан Лохте (53,11) мен Том Шилдстен (53,18) басым түскен.
«Мен өзіме әрқашан сыни көзқараста қараймын. Барлығы жақсы, дегенмен өзгертетін нәрселер де бар шығар. Бұл мен үшін жақсы бастама. Мен бассейнге қайта оралғаныма қуаныштымын», дейді М.Фелпс.
Айта кетейік, Майкл Фелпс көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 2014 жылдың 6 қазанында АҚШ-тың жүзу федерациясының шешімімен жарты жылға жарыстардан шететілген еді. Сонымен қатар, спортшы мен федерация келісімі бойынша Майкл Фелпс 2015 жылы Қазанда өтетін су спорты түрлері бойынша Әлем чемпионатына қатыспайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25