Шахматтан командалық Әлем чемпионатында Қазақстанның қыздар құрамасы Үндістан спортшыларын ұтты
Қытайдың Чэнду қаласында қыздар арасында шахматтан командалық Әлем чемпионаты өтуде. Жарысқа Қазақстаннан бөлек Украина, Ресей, Қытай, Грузия, Армения, Үндістан, Польша, АҚШ, Египет елінің шахматшы қыздары қатысуда.
Тоғыз раундқа жалғасатын турнирде қазақстандық шахматшылар алғашқы кезеңде Үндістан елінің қыздарымен кездесіп, 2.5:1.5 есебімен басым түсті. Енді қазақстандық шахматшы қыздар Украина құрамасымен кездеседі.
1-ші турдың басқа ойындарында Ресей мен Грузия құрамасы тең ойнаса, Украина спортшылары Польша елінің шахматшыларына ұтылды. Сонымен қатар, АҚШ-тың шахматшы қыздары Египет құрамасын, ал Қытай спортшылары Армения шахматшыларын ұтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25