Каратэші Әлемгүл Сабырхан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
2015 жылдың 18-19 сәуір аралығында Токиода (Жапония) ардагерлер арасында кумитэ мен катадан, ерлер мен әйелдер арасында катадан, сонымен қатар, командалық катадан Әлем чемпионаты өтті.
Киокушинкай кан каратэ ұйымы ұйымдастырған жарысқа Қазақстаннан кумитэ бойынша 6 спортшы қатысқан. 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Әлемгүл Сабырхан (абсолютті салмақ), 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Темірлан Жәнібеков (65 келі), ал 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Мирас Ержанов (60 келі) сынға түскен. Сонымен қатар, 12 жасқа дейінгі жастар арасында Әлнұр Ахметов (50 келі), 11 жасқа дейінгі жастар арасында Мағжан Әбдіхалық (35 келі) және 10 жасқа дейінгі жастар арасында Даниэль Саттаров (30 келі) бақ сынаған еді.
Жарыс қорытындысы бойынша көкшетаулық Әлемгүл Сабырхан қыздар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған. Финалға дейін жапониялық және ресейлік спортшыларды ұтқан Әлемгүл финалда екі дүркін Әлем чемпионы ресейлік Ульяна Гребещенковамен кездескен. Тартысты кездесуде 18 жастағы спортшымыз ұпай бойынша есе жіберді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25