Қазақстанның шахматшы қыздары Әлем чемпионатында 6-шы орын иеленді
Қытайдың Чэнду қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық V Әлем чемпионаты аяқталды.
Әлемнің 10 мемлекетінен келген құрамалар арасынан Қазақстанның шахматшы қыздары 6-шы орын иеленді. Командалық Әлем чемпионатында сынға түскен Қазақстан Ұлттық құрамасы Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Мадина Дәулетбаева. Құраманың басты бапкері – Павел Коцур мен жаттықтырушы Серікбай Темірбаев.
Жарыс барысында отандастарымыз Үндістан спортшыларын ұтып, әлемде әйелдер арасында үздік саналатын Ресей мен Қытай құрамаларымен тең түскен.
Қытайда өткен баспасөз мәслихатында халықаралық сарапшылар турнирдің ең жас құрамасы Қазақстан шахматшыларын ерекше атап өткен.
Жарыс қорытындысы:
1. Грузия
2. Ресей
3. Қытай
4. Үндістан
5. Украина
6. Қазақстан
7. Армения
8. Польша
9. АҚШ
10. Египет
Фото: chengdu2015.fide.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25