Әлемдік лига. Қазақстан Ұлттық құрамасы Венесуэла волейболшыларын 3:2 есебімен жеңді
Таразда волейболдан Әлемдік Лиганың алғашқы кезеңі өтуде. Қазақстан Ұлттық құрамасы «Н» тобында Испания, Египет және Венесуэла волейболшыларымен сынға түспек.
Бүгін жарыстың алғашқы күні аяқталды. Қазақстан Ұлттық құрамасы Венесуэла командасын 3:2 (25:22; 31:33; 25:23; 23:30; 15:9) есебімен ұтты.
Сонымен қатар, «Тараз-Аренада» күндіз ойнаған Испания волейболшылары Египет құрамасын 3:2 (22:25; 25:21; 25:27; 25:22; 15:9) есебімен жеңді.
Енді «Н» тобында 3 ұпай иеленген Қазақстан мен Испания 1-ші орында тұр. Ертең, 13 маусымда Қазақстан волейболшылары Египетпен, ал Испания Венесуэла құрамасымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Таразда өтетін жарыстың барлық ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:
13 маусым
14:50. Испания - Венесуэла
18:20. Қазақстан - Египет
14 маусым
14:50. Венесуэла - Египет
18:20. Қазақстан - Испания
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25