Индира Бектенова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесінің қарсаңында Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ-тың қазіргі қоғамдағы маңызды орнын атап өтті. Ол бұқаралық ақпарат құралдары елдің әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктегі орнын анықтап, әр мемлекеттің ішінде ғана емес, елдер мен халықтар арасындағы қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ететіндігін айтты.
Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын министр А. Мұхамедиұлы табыстады.
Мекеме басшысы мәдениет, спорт, дінаралық келісім мәселелерін белсенді насихаттап жүрген семсер сөздің серілеріне Министрліктің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады. Олардың қатарында «KAZsport» телеарнасының журналисі Индира Бектенова бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25