Таеквондодан «Australian Open» турнирінде Нұрсұлтан Мамаев алтын, Смайл Дүйсебай қола медаль иеленді
Австралияның Мельбурн қаласында осымен 6-шы рет таеквондодан «Australian Open» халықаралық турнир аяқталды.
G-2 дәрежесіндегі жарыста қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев алтын, ал Смайл Дүйсебай қола медаль иеленді. Қазақстанның 2014 жылғы үздік таеквондошысы Нұрсұлтан Мамаев 58 келі салмақ дәрежесінде төрт жекпе-жек өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді.
Айта кетейік, ол финалда Әлем чемпионы Оңтүстік Корея өкілі Ча Тае Мунды жеңді. Бұл кездесу көрермен көзайымына айналып, қос саңылақ жақсы дайындықпен шыққаны анық байқалды. Финалға таңдалған жақсы тактика мен дәл соққылардың арқасында Нұрсұлтан жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп 10:7.
Ал, 87 келі салмақ дәрежесіне дейін ел намысын екі спортшы қорғады. Смайл Дүйсебай қанжығасына қола жүлдені байласа, Руслан Жаппаров жартылай финал жолдамасын әлем біріншілігінің күміс жүлдегері өзбекстандық Джасур Байкузиевпен сарапқа салып, 3:1 есебімен жол берді. Таеквондодан Қазақстан Ұлттық құрамасын франциялық Филип Пинер жаттықтырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25