Оңтүстік Кореяда XXVIII Жазғы Универсиада басталды
Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсияданы «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
2015 жылғы Универсиаданы өткізу үшін Эдмонтон (Канада), Тайбэй (Тайвань) және Кванджу (Оңтүстік Корея) қалалары үміткер атанған. 2009 жылдың 23-мамырында Кванджу қаласы Универсиаданы өткізу мүмкіндігіне ие болды. Әлемнің 146 елінен келген 12 896 спортшы сайыстың 21 түрінен бақ сынап, 272 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Биылғы Универсиадаға Қазақстан құрамасынан 95 спортшы аттанды. Олар таэквондо, дзюдо, жеңіл атлетика, семсерлесу, садақпен ату, оқпен-стендтік ату, гольф, академиялық есу, жүзу және спорттық гимнастика сынды спорттың 10 түрінен жарысқа түсіп жатыр.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын және 1 қола медаль бар. Қазақстан құрамасына алтын медальді Дмитрий Баландин (суға жүзу) әперген болса, қола медальді дзюдошы Жанар Қашқын қоржынға салды.
Қазақстан дербес ел ретінде Дүниежүзілік Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00