Универсиада-2015. Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев алтын медаль иеленді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті.
Таэквондодан 58 келіде сынға түскен Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Мамаев Жазғы Универсияданың чемпионы атанды. Ол – финалда таяуда ғана Әзірбайжан астанасы Бакуде аяқталған І Еуропа ойындарының жеңімпазы – португалиялық Ребело Браганканы 2:0 есебімен ұтты.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Айта кетейік, осыған дейін жүзу спортынан – Дмитри Баландин, жеңіл ателтикадан – Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруден алтын медаль алған.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00