Әлем чемпионаты. Дмитрий Баландин 50 метр брасста жартылай финалға шықты
Бүгін Қазанда (Татарстан) су спортынан Әлем чемпионатында 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден іріктеу сындары өтті.
Қазақстандық Дмитрий Баландин іріктеуде 13-ші нәтиже (27,47 сек) көрсетіп, сайыстың жартылай финалына жолдама алды.
Бүгін ол әлемнің үздік 16 спортшысымен финалдық жолдаманы сарапқа салмақ. Ал, іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Кэмерон Ван Дер Бург 50 метрді 26,62 секундта жүзіп өтіп, әлемдік рекордты жаңартты.
Осыған дейін Дмитрий 100 метрлік (брасс) финалына шығып, 4-ші орынға ие болған еді. Ол 100 метр қашықтықты 59,42 секундта жүзіп өтті. Ал, сайыста әлемдік рекордшы ұлыбританиялық Адам Пити (58,52 сек) жеңіске жеткен. Күміс жүлдені ОАР спортшысы Кэмерон ван дер Бург (58,59 сек) иеленсе, қола медальді ұлыбританиялық Росс Мердок (59,09 сек) ұтып алды.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы су спортынан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25