Қазақстандық гимнаст Әзизбек Құдратоллаев Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Қазақстандық спортшы Әзизбек Құдратоллаев Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия чемпионатының спорттық гимнастика жарысында қола жүлде ұтып алды, деп хабарлайды ҚР Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарысқа Азияның жеті елінен келген атлеттер қатысқан. Гимнаст Әзизбек Құдратоллаев шығыршықтағы жаттығулардан финалына шығып, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирде жалпыкомандалық 5-ші орын иеленді.
Біздің анықтама: Әзизбек Құдратоллаев - Шымкент қаласының тумасы, спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылы Кореяның Кванджу қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың финалисі, 2015 жылғы Әлем кубогы кезеңінің (Любляна қаласы, Словения) күміс жүлдегері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00