Түркияның Самсун қаласында паратаеквондодан бір күндік Әлем чемпионаты басталды
Қазақстан Ұлттық құрамасы Түркия еліне бас жаттықтырушы Талғат Нұрбаевтың жетекшілігімен аттанды. Ел намысын 5 спортшы қорғайды. Арасында Әлем чемпионы, үздік паратаеквондошыларының бірі – Өмірәлі Нышан бар.
Айта кетейік, байрақты бәсеке 1 күнге созылады. Яғни, бүгін кешке Әлем үздіктерінің есімдері белгілі болмақ. Паратаеквондо тарихында тұңғыш рет біріншілікке G8 дәрежесі беріліп отыр. Оның үстіне биыл бұл спорт түрі 2020 жылы Токио қаласында өтетін Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.
Паратаеквондодан Әлем чемпионаты 2009 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл сайын жарыс беделі мен қатысушылар саны артуда. Алдын ала болжам бойынша қазірдің өзінде 50-ден астам елден келген қатысушылар саны 200-ден асқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25