«KAZsport» телеарнасы мәнерлеп сырғанаудан «Skate Canada» Гран-приін тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Канаданың Летбридж қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының «Skate Canada-2015» кезеңі басталады.
Қыздар арасындағы жарысқа қазақстандық 15 жастағы Элизабет Тұрсынбаева да қатысады. Айта кетейік, жерлесіміз бір апта бұрын Гран-при сериясының «Skate America-2015» кезеңінде жүлдеге бір табан жақындап, 4-ші орын алған еді.
Сонымен қатар, қыздар арасындағы жекелей сында мәнерлеп сырғанаудан қазіргі Әлем чемпионы ресейлік Елизавета Туктамышева да бақ сынайды.
Ал, ерлер арасындағы сайысқа Сочи Олимпиадасының чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю мен сол ойындардың күміс жүлдегері канадалық Патрик Чан қатысады. Ал, Сочиде қола медаль иеленген қазақстандық Денис Тен Канададағы Гран-при кезеңіне қатыспайды.
Осы және әлемнің басқа да спортшылар тартысын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:
30 қазан
00:45. Мұзда билеу. Тікелей эфир
02:10. Қыздар. Қысқа бағдарлама. Тікелей эфир
31 қазан
05:35. Ерлер. Қысқа бағдарлама
07:25. Жұптар. Қысқа бағдарлама. Тікелей эфир
23:50. Қыздар. Еркін бағдарламалар. Тікелей эфир
1 қараша
06:35. Ерлер. Еркін бағдарлама. Тікелей эфир
15:25. Мұзда билеу.
00:00. Жұптар. Еркін бағдарлама
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25