Астанада баскетболдан ұлттық студенттер лигасының чемпионаты аяқталды
Финалға Астана, Алматы және Қарағанды қаласынан келген 8 ерлер және 8 қыздар командасы қатысты.
Ерлер командасының біріншілігіне финалға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚазАТУ, Астана қ.) және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ, Алматы қ.) құрамалары шықты. ХАТУ командасы 53-73 есебімен жеңіске жетіп, ҰСЛ-2015 чемпионатының жеңімпазы атанды.
Ал, қыздар арасындағы турнирде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (ҚазМҚПУ) мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің командалары өзара бақ сынап, алматылық ҚазМҚПУ командасы 50-36 есебімен биылғы жылдың чемпионы атанды.
Жарыстың финалдық ойыны мен салтанатты жабылуы 14 желтоқсанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25