«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады
Ертең Алматыдағы «Мега парк» ойын-сауық кешенінде бірнеше айдан бері арнайы бағдарламаның тұрақты жанкүйерлері мен көрермендері үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ақтық мәреге жеткен жарысты еліміздің жұлдыздарымен бірге тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырады.
«Мега парк» ойын-сауық орталығына жобаға қатысушыларды қолдау үшін отандық эстрада жұлдыздары мен әйгілі спортшылар келеді. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға мерекелі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлауға уәде береді. «Намыс дода» - бұл спорттық сайыс болғанымен, ойын-сауықтық бағдарлама.
Биылғы жылы «Намыс дода» сайысында Франция, Қытай, Алжир, Венгрия және Қазақстан бақ сынасуда. Қиын сынақтар, жарақаттар, көзжасы, алаңдау – осының барлығы финалдық сатылардан кейін артта қалады.
«Намыс дода» жарысына қатысушыларды қолдауға келіп, біздің қыз-жігіттердің жігерлі айқасына куә болыңыздар. Іс-шара ертең сағат 20:00 Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан «Мега парк» ойын-сауық кешенінде өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25