«Kazsport» телеарнасы волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придың «Төрттік финалын» тікелей эфирде көрсетеді
18-19 маусым аралығында Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придың «Төрттік финалы» өтеді.
Биылғы жылы әлемдік бәсекенің үшінші тобында Қазақстан, Алжир, Австралия, Колумбия, Хорватия, Куба, Мексика және Перу құрамалары ойнады.
Алғашқы кезең 3-5 маусым аралығында Алжир мен Австралияда өткен болатын. Онда Қазақстан құрамасы жергілікті Алжир құрамасымен кездесу өткізді. Партиялар бойынша қорытынды есеп - 0:3 (25:17, 25:13, 25:5) - қазақстандық қыздардың пайдасына шешілді.
Екінші кезең 10-12 маусым аралығында Колумбия мен Перуде өтті. Қазақстан құрамасы өзінің екінші матчында Мексика командасын 3:1 (25:20, 25:18, 26:28, 25:20) есебімен ұтты. Ал, Колумбия құрамасымен кездесу - 1:3 (21:25, 25:22, 19 :25, 12:25) нәтижесімен колумбиялықтардың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Алматыда өтетін «төрттік финалда» алдын ала кезеңдер қорытындысы бойынша үш үздік команда (Колумбия, Хорватия, Перу) және финал иесі ретінде Қазақстан құрамасы ойнайды.
Бәсекені «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтардан бөлек, әр ойын алдында көрермендер волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасында ойнаған спортшылардың қатысуымен тікелей эфирдегі студиялық бағдарламаны тамашалай алады. Елена Павлова, Марина Стороженко, Ольга Наседкина, Наталья Жукова сынды құраманың бұрынғы ойыншылары жанкүйерлерді кездесулер барысынан хабардар етіп, ойынға сараптама жасайтын болады.
Сондай-ақ, қазақстандық команданың кездесуінен кейін отандық спорттық телевизия саласында тұңғыш рет ұлттық құрама ойыншыларымен тікелей эфирде баспасөз конференциясы өтеді.
Көрсетілім кестесі:
18 маусым
11:45 - Хорватия-Перу (тікелей эфир)
14:45 - Қазақстан-Колумбия (тікелей эфир)
21:55 - Хорватия-Перу (қайталау)
00:15 - Қазақстан-Колумбия (қайталау)
19 маусым
11:45 - үшінші орын үшін матч (тікелей эфир)
14:45 - финал (тікелей эфир).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00