Кикбоксер Азамат Нұрпейісов өмірден өтті
Кикбоксингтен Әлем чемпионатның күміс жүлдегері Азамат Нұрпейісов Петропавлда қатерлі дерттен қайтыс болды.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова мәлімдеді.
«Атақты спортшы, кибоксингтан Азия және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Азамат Нұрпейісов өмірден өтті. Бір жыл бұрын жас спортшының ауыр дертпен ауыратыны айтылған. Оның қатерлі дертпен күресуіне мыңдаған адам ат салысып, Корей елінде емделуіне қаражат жинаған болатын. Алайда, спортшымыз бұл дерттен жазылмады. Спортта жеңіске жетіп жүрген ол ауыр дертті жеңе алмады. Біз Азаматты, оның спорттағы жетістіктерін ұмытпаймыз», – дейді Пенькова.
Азамат Нұрпейісов оқушы күнінен кикбоксингпен айналысқан. Ол Ирландияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, италияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия мен Үндістан чемпионы, Түркияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Сонымен қатар Азамат әскери институтта оқып, ҚР ІІМ ішкі әскерінің офицері болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00