Астанада шахматтан «Astana Open 2016» фестивалі басталды
Шахмат фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпірі мен жақын шет елдерден келген 250-ге жуық шахматшы қатысады. «Astana Open 2016» шараcын Қазақстан шахмат федерациясы және қала әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Шахмат федерациясы және «Гамбит» шахмат мектебі ұйымдастырды. Сайыстың басты мақсаты – еліміздің балалар және жасөспірімдер құрамасын әлемдік біріншіліктерге даярлау. Фестивальға халықаралық деңгейдегі гроссмейстерлер, жасөспірімдер арасында өткен әлемдік біріншілік шеберлері, чемпиондар мен жүлдегерлер қатысады. Фестиваль бағдарламасына сәйкес, балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі форматтағы бес турнир өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Бұл фестиваль 20 шілде – Халықаралық шахмат күні мен 27 шілде аралығында М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25