10-кезең. Икик - Антофагаст
«Дакар-2014» раллиінің 10-шы кезеңі 631 шақырымға созылды. Қатысушыларды Тынық мұхиты жағалауына құлдилағанда қиындықтар күтіп тұрды. Бұл кезең тәжірибелі пилоттарға да қиынға соқты. Өйткені жарыс жолынан шыққан сәттен бастап дұрыс жолды барлығы бірдей таба алмады.
Алайда қазақстандық автошабандоздар барлық шеберлігін көрсетіп, көрсеткіштерін жақсартып алды. Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко экипажы мәре сызығын 16-шы болып кесіп өтіп, жалпы есепте 11 орынға көтерілді.
«Бүгін ең қиын кезеңдердің бірі болды. Ұйымдастырушылар күн сайын жолдарды қиындатып жатыр. Құмға батып, көп уақыт жоғалтып алдық. Дегенмен жолды жоғары жылдамдықта жүріп өттік. Турнир кестесінде бірнеше сатыға жоғары жылжығанымызға қуандық», - дейді «Astana Motorsports» командасының пилоты Айдын Рахымбаев.
«Astana Motorsports» командасының екінші экипажы - Денис Березовский мен Игнат Фальков мінген көлік мәреге 30-шы болып жетті. Олар жалпы есепте 8 сатыға көтеріліп, 35-ші орынға жайғасты.
Ал қазақстандық команданың жүк көлігін мінген экипаж 10-шы кезеңді 13 орынмен аяқтады. Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланек жалпы есепте 21-шы орында тұр.
Бүгін жарысқа қатысушылар «Дакар-2014» раллиінің 11-ші кезеңін бағындырады. Екі бөлімнен тұратын кезеңнің жалпы ұзындығы – 749 шақырым. Жарыстың соңына дейіне үш күн қалды. Бірақ барлық кезеңнің ұзындығы 700 шақырымнан асады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00