«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ АҚТЫҚ СЫНДАРЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ

2-3 желтоқсан күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дәстүрлі Конфедерация Кубогының финалдық сайыстары өтеді. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресінен командалық сайыстар жоспарланған. Бұл ретте төл спортымыз қазақ күресінің жарыс бағдарламасына алғаш рет енгізілгенін айта кету керек.
Конфедерация Кубогының іріктеу сындары қазан айында Тараз, Талдықорған, Шымкент және Ақтау қалаларында өткен болатын. Тартысты өткен бәсекелерде топ жарған үздіктер енді Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында екі күн бойы бас жүлделерді сарапқа салмақ.
"QAZSPORT" Конфедерация Кубогының шешуші сындарын тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілімдер кестесі:
2 желтоқсан
09:55 Бокс. Жартылай финалдар LIVE
14:00 Еркін күрес. Жартылай финалдар LIVE
3 желтоқсан
10:00 Бокс. Финал LIVE
13:00 Грек-Рим күресі. Финал LIVE
14:55 Еркін күрес. Финал LIVE
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
