Спортшыларымыз шинкиокушинкай каратэден X халықаралық Франция ашық чемпионатынан жүлделі оралды
Наурыз айының 23-24 күндері Лилль қаласында шинкиокушинкай каратэден X халықаралық Франция ашық чемпионаты өтті. Аталмыш додаға еліміздің спорт шеберлері де қатысып, бақ сынады. Әлемнің 10-нан аса елінен келген спортшылары арасында республикалық каратэ орталығының командасы жалпы есепте бірінші болды. Ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында өткен сайыста ел намысын қорғаған 5 спортшының төртеуі жүлделі орындар иеленді. 35 жастан жоғары абсолютті салмақ дәрежесінде қарсыластарын шақ келтірмей алтын медальға ие болған «Qazaqstan» телерадио корпорациясының IT бөлімінің басшысы Мұрат Ерғалиев үздік деп танылды.
Сонымен қатар, атылмыш додада қазылық қызмет атқарған Батырхан Сарманов сайыстың үздік төрешісі атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00