16 ЖАСАР отандасымыз жасөспірімдер АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қазақстандық спортшы Анастасия Резванцева жүзуден Беларусь ашық чемпионатының жеңімпазы атанып, Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
16 жасар отандасымыз 200 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде үздік нәтиже көрсетті - 2:16,11.
Тағы бір қазақстандық Станислав Редько 400 метр қашықтыққа еркін жүзуде ақтық кезеңге шықты.
Брест қаласында өтіп жатқан жарыс сәуірдің 7-не дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұл отандық жүзушілердің жастар Олимпиадасына алған үшінші лицензиясы. Бұған дейін, жолдамаға Анастасия Шатских пен Диана Назарова ие болған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00