Алматыда бильярдтан әлем чемпиондары анықталды

Алматыда бильярдтан «динамикалық пирамида» бойынша әлем чемпионатының финалдық ойындары өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік спортшылары бақ сынады.

 

Төрт күнге соқылған байрақты бәсекеде 19 елден келген 84 спортшы өзара мықтыны анықтаған болатын. Олардың ішінде әлем чемпиондарымен қатар жас спортшылар да бар. Жарыс нәтижелері бойынша әйелдер арасында алтынды Беларусь спортшысы Екатерина Перепечаева жеңді, ал күміспен Ресейден келген Диана Миронова күптелді. Қола жүлдесін ресейлік Ольга Милованова мен Элина Нагула олжалады. Ерлер арсында украиналық Дмитрий Белозеров чемпион атанды. Екінші орынды Ресей спортшысы Иосиф Абрамов жеңсе, үздік үштікті қазақстандық Максим Пан мен Алиxан Қаранеев қорытындылады.

 

- Мен ел чемпионаттарына 20 рет қатысқанмен, алғаш рет жеңімпаз атандым. Өткен жылы қоланы олжалағанмын. Финалдық ойын қиын берілді, қатты қобалжыдым. Бірақ өзімді қолға алып, барымды салып ойнадым. Сол себептен де жеңдім деп ойлаймын. Бильярдта жеңіс сенің мүмкіндіктеріңе емес, ойлау қабілеті мен псиxологияңа байланысты, сондықтан ойың таза болу қажет, - деп бөлісті чемпионат жеңімпазы Дмитрий Белозеров.

 

Айта кетер жайт, әлемдік бәсекеде еліміздің намысын үздік құрама командасы қорғады. Қазақстан құрамасының сапында әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Әлихан Каранеев, әлем чемпиондары Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров өнер көрсетті.

 

Жарыс жүлдегері Алиxан Қаранеев елімізде бұл спорт түрі қарқынды дамып келе жатқанын, жас спортшылар үшін Еуропадан тәжірибиелі бапкерлер шақырылып жатқанын атап өтті. 

 

- Мен бильярд спортынан Қазақстан Федерациясына осындай чемпионатты ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қола да жақсы жүлде деп ойлаймын. Қарсыласьарымыз мықты болды, әсіресе, финалдағы чемпионмен кездесу жақсы өтті. Оларды да жеңістерімен құттықтаймын, - деп қорытындылады Алиxан Қаранеев.

 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегердері медаль, диплом және кубоктармен марапатталды. Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсіміне бильярд спортынан Қазақстан халықаралық Федерацияларының өкілдері қатысып, қатысушыларға осы чемпинатқа қатысқаны үшін алғысын білдірді. 

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World Boxing: Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Әлем чемпионы атанды
Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді
Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері