Қазақстан құрамасының спортшылары Джакартадағы атлетикалық ауылға қоныстана бастады
Азия ойындарына аттанған Қазақстан құрамасының спортшылары Джакарта мен Палембангтағы атлетикалық ауылдарға қоныстанып жатыр деп хабарлайды ҰОК.
Жазғы Азия ойындары 18 тамыз күні басталады. Аталған ойындарға Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысады, оның ішіндегі 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.
Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарында жалпы есебі 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 363 жүлде олимпиадалық спорт түрлерінен өз иесін таппақ.
Тағы бір айта кетерлігі, биыл Азия ойындарының бағдарламасынан нысана көздеу және стенд атудан командалық жарыс пен бокстан ерлер арасында ауыр салмақ дәрежелері (81 келі, 91 келі, +91 келі) алынып тасталды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00