Хабиб Нурмагомедов - Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жекті «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді!

«QAZSPORT» телеарнасы   2018 жылдың 7 қазанында Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 229 турнирі аясында ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 07:50-де басталады.

 

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 7 сәуірінде Эл Яквинтаға қарсы өткізіп, америкалық қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша жеңген болатын. Сөйтіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды.  

 

Ирландиялық Конор Макгрегор 2015-2018 жылдар аралығында қарсылас шақ келтірмей, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы болып келді. Отыз жастағы спортшы 24 жекпе-жек өткізіп, 21-де жеңіске жеткен, 18-ін нокаутпен аяқтаған. Үш жеңілістің екеуіне Конор октагонға жаңа ғана шығып жүрген кезінде ұшырыған. Үшінші рет 2016 жылдың 5 наурызында америкалық Нейт Диастпен өткен кездесуде жеңілген болатын. Бірақ, араға бірнеше ай салып, Макгрегор Диаспен қайта жүздесіп, есесін қайтарды. UFC аясындағы соңғы жекпе-жегін Конор 2016 жылдың 12 қарашасында өткізіп, америкалық Эдди Альваресті техникалық нокаутпен жеңді. Өткен жылы Макгрегор кәсіпқой бокстың ережесі бойынша америкалық Флойд Мейвезермен қолғап түйістірді. Кездесу оныншы раундта тоқтатылып, төрешілер техникалық нокаутпен Мейвезер жеңіске жетті деген шешім қабылдады.

 

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы UFC аясындағы жекпе-жектерді Қазақстан аумағында бір жарым жыл бойы көрсету құқығына ие болды. 2018 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналарында UFC-дің 14 жекпе-жек кеші эфирге шығады. Ал, 2019 жылдан бастап 40-тан астам турнирдің көрсетілімі жоспарланған.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды